Метапневмовирус: ҚР ДСМ елдегі жағдай бойынша мәлімдеме жасады
Қытайда тараған метапневмовирус Қазақстанда да тіркелді, деп хабарлайды 24kz.
Отыздан аса отандасымыз жұқпалы індеттің ілмегіне іліккен. Елдегі жағдайға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады. Бұл вирус қауіпті ме? Науқас нені ескеруі керек?
Кәмшат Мұхамеджан, тілші:
- Желтоқсанның соңында Қытайда жаңа індет тарап, ауруханалар науқастарға лық толды. Анықтай келе, оның риновирус пен метапневмовирус екені белгілі болды. Алайда, жергілікті билік бұл ақпаратты әлі ресми түрде растамады. Бір анығы – жұқпаның балалар арасында тарауы жиілеген. Коронавирусқа ұқсас дерт біздің де арамызда тіркелді. Кесел отыз адамнан табылған.
Айжан Есмағамбетова, Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының басқарма төрағасы:
- Менің айтатыным, бұл метепнавмовирус бұл жаңа вирус емес. Ол жылда әлемдегі біздегі эпид маусымда тіркеледі. ЖРВИ-тің 2000-нан астам түрі бар. Ол РС вирус, метапневмавирус, грипп, риновирус осы барлық ЖРВИ. Сондықтан бізде жыл сайын эпид қадағалау жүргізіледі.
Елдегі жағдайда сақтануға шақырып тұр. Эпидемиялық маусым басталғалы республика бойынша тұмауға жатпайтын вирустарға 8360 үлгі зерттеліпті. Нәтижесінде 1866-нан оң сынама анықталған. Ең көп таралған риновирус – 680 жағдай. Одан кейін РС вирусы – 433, коронавирус – 206, паратұмау – 178, бокавирус – 113, метапневмовирус – 30. Соңғы 3 айда елде 2 млн-нан астам ЖРВИ жұқпасы тіркелген. Дегенмен, бас санитар дәрігер қарашаны даурықпауға шақырады. Жылдағы қыс кезіндегі тұмаудың өршуі осылай өтеді деп отыр. Болжамынша, көрсеткіш алдағы алдағы қаңтар-ақпан айларында төмендейді.
Зарина Шәкірова, қала тұрғыны:
- Бала ауырып қалды. Сол қатты жөтеліп жүр. Сол үшін келдік. Жаңа жылдан бері 5 күн болды.
Елена Бикпаева, инфекционист дәрігер:
- Қазіргі кезде ең басты қауіпсіздік ол үйде қалу. Тұмау өршіп тұрған кезең қазір. Дәрумендерді жиі пайдалану керек. Ағзаға керекті А, В, С витаминдерін тұтынған абзал. Егер қандайда бір дене ыстығының көтерілуі, тәбеттің бұзылуы байқалса, өздігінен ем алмай бірден дәрігерге хабарласқан дұрыс.
Метапневмовирустың негізгі таралу көзі – ауа тамшысы. Тұрмыс, байланыс арқылы жұғу қаупі де жоқ емес екен. Инфекцияның басты белгісі – жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, бас ауруы. «Дерттің нақты емі жоқ» , - деп отыр мамандар. Індетке шалдыққан науқасқа симптоматикалық емдеу қолданылатын көрінеді. Әсіресе, қазіргідей қыс кезінде жұқпалы аурудың жылдам тарайтын маусымы. Сондықтан ақ халаттылар барынша абай болуға шақырады. Адам көп жиналатын орындарға, әсіресе, жабық үй-жайларға баруды шектеуге кеңес береді.