Былтыр шекарада заң бұзған 55 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды
Былтыр Қазақстан шекарасында заң бұзған 55 мыңнан астам азамат жауапқа тартылған, деп хабарлайды 24kz.
Ұсталғандардың 324-і шетел азаматы болса, тағы ел іргесін кесіп өтпек болған 384 шетелдіктің жолы кесілген. Сондай-ақ мемлекеттік шекара арқылы 15 мыңнан астам заңсыз тауар алып өту фактісі тіркелді. Оның ішінде 451-і есірткі заты, 886-сы қару мен оқ-дәрі, 455-і діни кітап, 5283-і құны 160 млн теңгені құрайтын жанар-жағармай материалдары, 6086 жалпы сомасы 70 млрд теңгеден асатын халық тұтыну тауарлары және 1880 жалпы сомасы 19 млрд теңге шамасындағы шетел валютасы анықталған. Одан бөлек Каспий акваториясында заңсыз 390 браконьерлік іске бөгет жасалған.