Павлодарда жедел басқару орталығы жаңартудан өтті

Павлодарда жыл басталмай жатып жүзге тарта әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

Сондай-ақ бір есірткі қылмысының жолы кесілді. Қылмысты дер кезінде ашуға жедел басқару орталығының көмегі зор. Орталық былтыр толық жаңғыртудан өтті. 17 жылда алғаш рет жиһаз мен техникасы ауыстырылды. Адамдардың бет-әлпетін анық көрсететін LED экран, қала көшелерін тәулік бойы бақылайтын 117 жаңа камера орнатылды. «Smart city» жүйесі, камераны 360 градусқа бұрып, жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін бірыңғай басқару және бақылау платформасы енгізілген. Автотұрақ функциясы бар бейнебайланыс жүйесі полицияның басқа бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жақсартуға сеп болды.

Ренат Шамгунов, Павлодар қаласы ПБ ЖБО бастығы:

- 2024 жылы бізде 225 қылмыс ашылып, 9 мыңдай әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Күні кеше инспекторлар жаңадан орнатылған камералардың көмегімен есірткі жасырып жүрген курьерларды анықтады. Жас қыз бен жігіт екен. Олардан 10 түйіншік тәркіленді. Алдын ала  гашиш болуы мүмкін деп болжап отырмыз.