Жаңа жылдан бастап мүгедектік үшін берілетін жәрдемақы мөлшері өсті
Жаңа жылдан бастап мүгедектік үшін берілетін жәрдемақы мөлшері де көбейді, деп хабарлайды 24kz.
Енді кембағал жандардың жәрдемақысы ең төменгі күнкөріс деңгейімен есептеледі. Төлем шамамен 4,5-6 мың теңгеге ұлғайды. І топ мүгедектігі бар азаматтар ай сайын 102 мың теңгеге дейін ақшалай көмек алса, ал ІІ топ 81 мың теңге, ІІІ топтағы адамдарға 55 мың теңге беріледі.
Айта кетсек, өткен жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша 614 млрд теңге жәрдемақы төленді. Мұнымен қоса, көпбалалы отбасыларды қолдауға 472,9 млрд қаржы қарастырылған.
Әлімжан Бекмағамбетов, ҚР ЕХӘҚ министрлігі Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары:
- Жалпы біздің әлеуметтік кодекске сәйкес 41 жәрдемақы төлем түрлері бар. Соның ішінде айтатын болсақ, көпбалалы аналар, мүгедектігі бар жандар, зейнетақы алатын кісілер. Біздің елімізде осы отбасы институты мен көпбалалы отбасыларын қолдау үшін арнайы бір жәрдемақы бар. Соны алатын болсақ, былтыр бәрімізге мәлім – демография жақсарды.