Үкімет бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлейді

Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеп жатыр.

Бұл жайында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Әзірлеме Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыру аясында жақын арада жарияланады. Ел Үкіметінің алға қойған басты мақсаттарының бірі - экономиканы ілгерілетіп, тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсарту, деді Премьер.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі: 

Президент “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында Үкіметтің міндеті экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту екенін атап өтті. Біз қарқынды экономикалық өсімді қамтамасыз етуіміз қажет. Осыған орай, Премьер-министрдің орынбасары Серік Мақашұлының жетекшілігімен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тариф саясаты реформалары бойынша жаңа тәсілдер әзірлеуде. Оның ішінде әлеуметтік қамсыздандыру саласына қатысты мәселелер де бар. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен жан-жақты талқылаудан кейін ұсынылады.