ҚБТУ ғимаратының өртенуіне байланысты тексеріс жүргізілуде

Алматыдағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде болған өрт себептеріне тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды 24kz.

Оқу ордасы студенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

«Сабақ форматы мен кестесіне қатысты ақпарат жақын арада студенттерге жіберілетін болады», - делінген оқу орнының ресми парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, түнде тарихи ғимараттан өрт шықты. Нысанның шатырын қызыл жалын шарпыды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына дереу жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ғимараттың 4 қабатында басталған қызыл жалынды ауыздықтап, толық жойды.