Қызылорда облысының прокуратурасын ЖИ мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда

Қызылорда облысы прокуратурасының бастамасымен «IT ТERGEU» жобасы жүзеге асып жатыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл бастама – жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, қылмыстың алдын алуға арналған. Бұл туралы Қызылордада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өткен «Саналы ұрпақ – болашақ кепілі» тақырыбындағы форумда айтылды. Басқосуға Парламент депутаттары, зиялы қауым, қоғам белсенділері, құқық қорғау органдары мен білім саласының қызметкерлері және жастар қатысты. Олар жастарды есірткінің құрбаны болмай, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Нұрлан Асанов, дінтанушы:

- Нашақорлық, лудомания, тура сол сияқты есірткімен бірге қазіргі отбасылық зорлық-зомбылықтың барлығының алдын алуда біз ұрпақ тәрбиесі, жастарға бұны үйретуде, ескертуде, алдын алуда орнымыз ерекше. Бұл ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен, жергілікті облыс әкімдігінің қолдауымен болып жатқан бұл шаралар, мен ойлаймын, әрбір өңірде, әрбір ауылда болу керек. Сонымен бірге ақсақалдар институты, аналардың орны, дін қызметкерлерінің орны, қоғамдағы зиялы қауым, барлығы бірлесіп, осы бағытта жұмыс жасауымыз керек.

Ризабек Ожаров, облыс прокуроры:

- Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыруды тапсырған. Халқымыздың және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол мемлекеттік стратегиялық маңызы бар басымдық болады. Құқықбұзушылықтан бастап жалпы барлық қылмыстарға, қылмыстардың түріне қоғам болып қарсы тұру – қазіргі заманның талабы.