Былтыр еліміздің Қарулы күштеріне 56 ғимарат пайдалануға берілді
Былтыр еліміздің Қарулы Күштеріне жаңадан 56 модульдік ғимарат пайдалануға берілген, деп хабарлайды 24kz.
Оның 25-і казарма болса, 4-еуі асхана, 13-і әкімшілік үй-жай. Сондай-ақ әскери бөлімдер мен мекемелерде 800-ден астам нысан дербес жөндеуден өтті. Әрі жаттығу алаңдары мен полигондардың инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінде Қазақстанның 5 өңірінде яғни Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Қонаев және Семейде әскери келісімшарт қызметкерлеріне арналған көппәтерлі модульді тұрғын үйлер салынып жатыр.