Қонаев қаласында жылу орталығын жаңғыртуға 2,3 млрд теңге бөлінді

Қонаев қаласындағы «Жылу орталығы» коммуналдық кәсіпорнын жаңғыртуға 2,3 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл қаржыға Түркия мемлекетінде өндірілген 4 бу қазандығы сатып алынды. Монтаждау жұмыстары жылыту маусымы аяқталған соң басталады. Мұнда он қазандық бар. Оның төртеуі су жылытқыш, алтауы бу қазандығы. Сәуір айында Сейфуллин көшесінің бойындағы ұзындығы 3,5 шақырымдық жылу жүйесін ауыстыру жұмыстары басталады. Онда үлкен диаметрлі құбыр төселеді. Өйткені облыс орталығында жаңа құрылыс нысандары салынып, абоненттер саны жылдан жылға артып келеді. Бұл кәсіпорын қазір қаладағы 1300-ге жуық үй мен елу шақты әлеуметтік нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында жылу орталығы үш жыл бұрын мазуттан газға көшті.

Оңғарбек Махамбетов, «Қонаев жылу орталығы» МКК директоры:

- Қонаев қаласы облыс орталығы болғалы үлкейіп жатыр. Жаңадан үйлер салынып жатыр. Жаңадан объектілер салынып жатыр. Сол себепті біз қазір қуаттылығын көбейтіп жатырмыз. Сол себепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алматинская көшесінің бойындағы теплотрасса толығымен бітті. Іске қосылып, 5 мкр, 4 микрорайонды іске қосып жатырмыз ақырындап.