Digital Almaty: стартап жобалардың көрмесі өтіп жатыр

Алматыда Digital Almaty форумы жалғасып жатыр.

Мұнда цифрлық трансформация саласының көшбасшылары мен мемлекеттік орган жетекшілері тек пікір алмасып қоймай, стартап-жобалар көрмесі де ұйымдастырылған. Көпшілік робототехникадан FIRST Tech Challenge (Фёст Тэк Челлендж) республикалық чемпионатын тамашалай алады. Мұнда 24 мектеп командасы сайысқа түседі. Қысқасы стартап баттл болады.

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- Қазір мен Диджитал Алматы форумы аясында өтіп жатқан стартап жобалар көрмесінде тұрмын. Мұнда 80-нен аса халықаралық инновациялық жоба қойылған. Бұл жерде қатысушылар мен инвесторлар жаңа идеялармен таныса алады. Ал «Индустрия X» аймағында қазақстандық компаниялар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүзеге асырылған жобаларды көрсетіп жатыр. Шындап келгенде жасанды интеллект өмірімізге мықтап енді. Қазір барлық салада бар. Мәселен, өткен жыл еліміз үшін маңызды бастамалар жылы болды десек болады. Жасанды интеллектіні дамыту тұжырымдамасы бекітілді. Қазіргі уақытта заң жобасы әзірленіп жатыр. Биыл да форумға қатысушылар жасанды интеллектінің өнеркәсіп, қаржы, медицина, білім беру мен ESG салаларына интеграциясын, цифрлық трансформацияның жаңа мүмкіндіктерін талқылайды. 

Зарина Құтпанова, Astana IT University аға оқытушысы 

Нұрхан Оразбай, студент

Қарлығаш Қайыпбекова, тілші:

- Қазір панельдік сесииялар басталды. Ол эй ай синеджи бизнес және қоғам, ұлттық білім беру стратегиясы бойынша ей ай кадрларды дайындау және мемлекет пен бизнес тақырырыбына арналған.