«Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заңның жобасы дайындалып жатыр

Биыл «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң қабылдануы мүмкін.

Қазір оның жобасын Мемлекеттік қызмет істері агенттігі дайындап жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасы, өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша алқа отырысында мәлімдеді. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, ол саланы дамытуға, еңбек қатынастарын реттеуге, қоғам мен мемлекеттік қызметші арасындағы өзара байланысты нығайтуға бағытталған. Бүгінде сала жан-жақты дамып келеді. Былтыр тиісті өтемақы төлеу, икемді жұмыс уақытын белгілеу арқылы 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалған. Ал бюрократиядан арылу мен жемқорлықты жою мақсатында, сала цифрлық форматқа ден қойып жатыр.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Алдағы уақытта мемқызметтің гибридтық моделін жетілдіру және цифрландыру. Осыған көңіл бөліп отырмыз. Қазіргі таңда бізде 70-тен аса мемлекеттік органда толыққанды е-қызмет жүйесінде сыртқы порталына көшті. Ол мемлекеттік қызметке онлайн қабылдау. Осыған байланысты біз өзіміздің гибридтік моделді әрі қарай жалғастыра береміз.