Тележүргізуші Ларри Кингке коронавирус жұқты

Танымал американдық тележүргізуші Ларри Кингке коронавирус жұқты. Шоумен тапсырған тест оң нәтиже көрсеткен.

87 жастағы тележүргізушінің ковидке шалдыққанын ABC телеарнасы хабарлады.

Қазір Кинг дерттен Лос-Анджелестегі медицина орталығында ем қабылдап жатыр.

Жалпы бұл тележүргізушінің денсаулығының алғаш рет сыр беруі емес. 2017 жылы ол өкпе обырынан емделген. Ал өткен жылы инсультке ұшыраған.

Аударған: Г.Абилова