Лондон соты Д.Ассанжды АҚШ-қа беруден бас тартты

Лондон соты «Викиликс» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ билігіне беруден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі сот 49 жастағы журналист осы елге экстрадицияланса, оның психикалық жағдайына әсер етіп, өзіне-өзі қол жұмсауы мүмкін деген шешімге келген. Алайда Ассанжға қарсы сот әлі біткен жоқ.

Еске сала кетейік, «Викиликс» сайтының негізін қалаушының ісі тыңшылық және хакерлік әрекетпен байланысты. Нақтырақ айтқанда, АҚШ билігі Ассанж өз сайтында Ауғанстан мен Ирактағы соғыстар жайлы мыңдаған құжатты жариялап, адамдардың өміріне қауіп төндірді деп айыптаған.