Ява аралында көшкін 11 адамның өмірін қиды

Ява аралында көшкін салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды, деп хабарлады Reuters.

«Алғашқы көшкін қатты жауын-шашыннан туындаған. Офицерлер зардап шеккендерді эвакуациялап жатқан кезде екінші көшкін болды», - делінген хабарламада.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны әлі нақтылануда. Қатты жауын-шашын іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатуы мүмкін.