Пәкістан халқы жарықсыз қалды

Пәкістанның ұлттық электр жүйесінде апат болып, бүкіл ел жарықсыз қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға қаңтардың 10-ына қараған түні болып, Исламабад, Карачи сынды ірі қалалар тастай қараңғылық орнаған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, апат мемлекеттің басты электр желісіндегі энергия жиілігінің 50-ден нөлге дейін түсіп кетуінен болған. Бірақ оның себептері әлі беймәлім. Қазір тергеу жүріп, жарықты қалпына келтіру шаралары жүріп жатыр.

Мохаммад Якуб, жергілікті тұрғын:

– Электр энергиясы бүкіл елде өшіп қалды деп естідік. Карачиде жарық алғаш өшіп қалып, қала қап-қараңғы болғанда қорқып кеттік. Адамдар алаңдаулы. Далаға шығуға қорқасың.

Сондай-ақ...