427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Сеул ауруханаларында төсек-орын жетіспей жатыр

  • 234
  • UPD: 22:21, 14.01.2021
COVID-19: Сеул ауруханаларында төсек-орын жетіспей жатыр

Сеулде COVID-19-ға шалдыққандар үшін ауруханаларда төсек-орын тапшы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік науқастарды қарапайым емханаларда қабылдауға мәжбүр. Сеул мэрінің міндетін атқарушы Со Джон Хеп қарттарға арналған ауруханада болды. Дүйсенбіден бастап мұнда тек коронавирус жұқтырғандар жатады. Қазір 68 орын дайындалған. Бірақ жаңа орындар мәселені шеше алмайды. Сеулде коронавирусты жаппай жұқтыру деректері тіркеліп жатыр. Корея астанасында індетке шалдыққандар саны 22 мыңнан асты. Оның 5500-і емделуде. Бұл елдегі науқастар санының жартысына жуығы.

Пак Ю Ми, Сеул қаласы денсаулық сақтау бюросының басшысы:

- Тестілеуден себепсіз бас тартқандарға айып тағылады. Өйткені бұл адамдар вирустың таралуына себепкер болып шықса, заң алдында жауап береді. Шіркеуге барған барлық Сеул тұрғындары скринингтік клиникаға келіп, 15 қаңтарға дейін тексеруден өтулері тиіс.

Хабар 24 телеарнасы