Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны 34-ке жетті

Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 35 адамға жетті, деп хабарлады РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

6,2 балдық жер сілкінісінің эпицентрі Батыс Сулавеси провинциясындағы Мамуджу қаласының маңында болған. Бұған дейін жеті адам қаза тауып, 600 адам жараланғаны туралы хабарланған.

Аймақта көптеген ғимарат құлады. Құтқарушылар үйінділер астынан адамдарды шығару үшін ауыр техникаларды пайдалануда.

Тек Мамуджу қаласында 26 адам қаза тапқан.

Индонезияда жер сілкінісінен аурухана қирады

Сондай-ақ...