Индонезияда жанартау оянды

Жер сілкінісінен ес жимаған Индонезияда енді жанартау оянды.

Семеру жанартауынан шыққан қою қара түтін Ява аралының үстінен 5 шақырымға дейін көтерілген. Қазіргі таңда зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Үкіметтің халықты эвакуациялау керек деген шешімі де қабылданған жоқ. Мамандар жанартау әлі де белсенділік танытуы мүмкін деп отыр. Сондықтан жергілікті билік тауға жақын маңда орналасқан елді мекен тұрғындарын барынша сақ болуға шақырады.

Айта кетейік, Индонезия – жанартау қауіптілігі жоғары аймақта орналасқан мемлекет. 250 млн халқы бар елде жиі белсенділік танытып отыратын 120-дан астам жанартау орналасқан.