АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметін тұңғыш рет әйел басқарады

АҚШ сенаты Аврил Хэйнсті Ұлттық барлау қызметінің жаңа директоры етіп бекітті, деп хабарлайды Fox News.

Үміткерді қолдап 84 адам дауыс берсе, 10 сенатор қарсы болған, ал қалғандары дауыс беруден бас тартыпты. Осылайша Хэйнс бұл қызметті атқаратын тұңғыш әйел болмақ. Бұған дейін ол бұрынғы президент Барак Обаманың қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі болып келген.

Енді Хэйнс 18 арнайы қызметті басқарады.

Сондай-ақ...