Индонезиядағы ауылдардың бірінде көшелерді қызыл су басты

Тосын құбылыс түсірілген бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы жылдам таралып, жергілікті тұрғындардың үрейін тудырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалаң аяқ су кешуге мәжбүр болған адамдар түрлі болжамдар айтып, жағдайды ушықтырған. Бірақ кейін ауыл шенеуніктері мәлімдегендей, қалың су матаны бояйтын қоймадан тараған. Бұл елді мекенді бұған дейін де түрлі-түсті су басқан екен. Бірнеше ай бұрын бояу өндіретін фабрикадан жасыл су көше бойымен аққан.

Блиц:

- Мына судың кесірінен денем қышып, мазам кетті. Қызыл судың жайылғаны жұмысымызға кедергі келтіріп отыр. Жағдайдың түзелгенін еріксіз күтіп отырмыз.