Францияда су тасқынынан жүздеген адам эвакуацияланды

Францияның оңтүстік батысы, табиғат апатынан зардап шекті. Аймақта бірнеше күн төпелеп жауған жауын соңы тасқынға ұласқан.

Салдарынан Сент қаласындағы Шаранта өзені арнасынан тасып кеткен. Кей жерлерде су деңгейі белуарға дейін жетеді. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады. Мамандар 400 адамды қайықпен құтқарған. Тағы 800-ден астам тұрғын өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қазір апаттан зардап шеккен аймақ жарықсыз қалды. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Билік өкілері болса халықты барынша сақ болуға шақырады.

Клер Гомо, жергілікі тұрғын:

- Соңына дейін үйде қауға тырыстық. Су біздің баспанамызға дейін әлі жеткен жоқ. Алайда бүгін жарықсыз қалдық. Кішкентай балаларымызбен жарықсыз отыру қиын болғандықтан кетуімізге тура келеді.