Колумбияда снаряд жарылып, жеті адам жарақат алды

Колумбияның батысында снаряд жарылып, кем дегенде жеті адам жарақат алды.

Оқиға Торибио муниципалитетінде болған. Колумбиялық әскерилер мен «Колумбияның революциялық қарулы күштері» ұйымының мүшелері арасындағы қақтығыс кезінде снарядтардың бірі тұрғын үйдің ауласына түсіп, жарылды. Жеті тұрғын әртүрлі дәрежеде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Билік оқиғаға байланысты тергеуді бастады.