Бразилия астанасында халық жаңа шектеулерге қарсы шеруге шықты

Наразы топ «бұл жолғы локдаунда қамалып үйде отырмаймыз, жұмыс істейміз» деп ұрандатқан.

Олар талаптарын қала губернаторының үйінің жанына келіп, ашық айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік коронавирус жұқтырушылар саны көбейген соң 24 сағаттық карантин жариялауға мәжбүр болғанын алға тартады. Бұдан басқа, кейбір ірі қалаларда түнгі уақытта коменданттық сағат жарияланды. Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, жаңа шектеулер 15 наурызға дейін сақталмақ.

Нидерланд астанасында да шеру өтті. Амстердам көшелеріне шыққан топ биліктен шектеулерді алып тастауды талап еткен. Бірақ бұл елде де соңғы аптада індетке шалдыққандар қатары 20%-ке дейін еселеп артқан. Осылайша, коронавирус басталғалы науқастар саны 1 миллионға жетті. Үкімет індеттің бетін қайтару үшін әлі де коменданттық сағатты ұзартып отыр.

Сондай-ақ...