АҚШ сенаты ел экономикасын ынталандыруға бағытталған заң жобасын бекітті

АҚШ сенаты ел экономикасын ынталандыруға бағытталған құны 1,9 триллион доллар болатын құжатты бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң жобасын 50 сенатор қолдап, 49-ы қарсы шықты. Бір адам қалыс қалды. Енді заң жобасын Конгресстің төменгі палатасы қайта қарауы тиіс. Содан кейін президент қол қояды. Ал құны 2 триллион доллар болатын шара халықты вакциналау, мектептерді қайта ашу, орта және шағын бизнесті қолдау және жұмыссыздықпен күресуге бағытталмақ. Және тұрғындарға мемлекет тарапынан 1400 доллар көлемінде көмек қаржы бөлінетін болады.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Бүгін біз елдегі дағдарысты еңсеру мақсатында үлкен қадам жасадық. Құжатта қарастырылған ресурстар ең алдымен әрбір азаматты вакциналау үшін екпе санын көбейтіп, оны өндіру жұмыстарын жылдамдатуға бағытталады. Мамыр айының соңына қарай бізде халықты вакциналауға жеткілікіті мөлшерде вакцинамыз болады. Бұл жоспар індетті жеңуге көмектеседі деп сенемін.

Сондай-ақ...