Чилиде коронавируске шалдыққандар көбейіп келеді

Чилиде коронавирус індеті ушығып тұр. Қазір ауруханалардағы жансақтау бөлімдерінде бос орын жоқ. Соңғы кездері тәулігіне 5 мыңнан 6 мыңға дейін науқас тіркелуде.

Аурудың өршуіне байланысты жергілікті билік аймақтағы қатаң шектеу шараларын қайта күшейте бастады. Қазір 8 млн халқы бар Сантьяго қаласының 5 млн жуық тұрғыны карантинде отыр. Қалғандары сенбіден бастап оқшауланбақ. Шаһарда көлік қатынасы тежелді.

Айта кетейік, бүгінде Чилиде 6 млн жуық адам екпенің бірінші дозасын қабылдап үлгірген. Жалпы пандемия басталғалы елде 954 мың адам коронавирус індетінің ілмегіне іліккен екен. Олардың 22 мыңы осы кеселден көз жұмды.

Сондай-ақ...