COVID-19: Израиль шектеу шараларын алып тастады

Израиль коронавирус індетін жеңетін алғашқы ел болатын түрі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінде халықтың жартысынан көбіне екі рет екпе салынған. Вакцина да жетіп артылады. Әр тұрғынға екі екпеден келеді. Ел карантиннен шығып, бар шектеулерді алып тастады. Дәмхана, мейрамханалар қайта жұмысын бастады. Ауруды жұқтыру саны күрт азайған. Науқастар болмағандықтан, көптеген ауруханалар ковидті емдеуге арналған бөлімдерін жауып жатыр.

Эстер Саяг, «Ихилов» ауруханасының логистика департаментінің директоры:

- Жансақтау бөлімдерін жаптық, енді жоспарлы операциялар жасауға кірістік. Қазір анестезиологтар өздерінің негізгі қызметімен айналысып жатыр.