Каирде тұрғын үй құлап, бес адам қаза тапты

Каирде тоғыз қабатты тұрғын үй құлап, бес адам қаза тапты, тағы 23 адам жараланды.

Оқыс оқиға халқы тығыз орналасқан Гиср-эс-Суэйс ауданында болды.

Құтқарушылар тірі қалғандарды іздестіру үшін үйінділерді бөлшектеп жатыр.

Алдын ала мәліметке сәйкес, ғимарат иесі тұрғын үйдің екі қабатын заңсыз салған.

Al Ahram