АҚШ-тың Техас штатында алапат құйыннан 8 адам жарақат алды

Дүлей дауыл жолдағы талдар мен электр бағаналарын құлатып, көптеген үйге зақым келген.

Құтқарушылар 50 ғимараттың қирап бүлінгенін айтады. Қазір аймақта апат салдарымен күрес жүріп жатыр. Қаза тапқандар жайлы ақпарат жоқ.