АҚШ-та хакерлер жанармай құбырын істен шығарды

АҚШ-та хакерлер «Колониал» құбырын істен шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Осылайша, шығыс жағалаудың жартысын жанармаймен қамтамасыз ететін оператордың жұмысы тоқтап қалды. Сарапшылар: «бұл – бұрын-соңды жасалған ең ірі кибершабуылдардың бірі және АҚШ-тың цифрлық инфрақұрылымының осал екенін көрсетті» деп мәлімдеді. Аталған «Колониал» компаниясы күніне 2,5 миллион баррель газ, дизель отынын, ұшақ жанармайын және басқа да сұйық өнімдерді жеткізеді. Құбырларының жалпы ұзындығы 8850 шақырымнан асады. АҚШ үкіметі кибершабуылға қатысты тергеу амалдарын бастады.

Сондай-ақ...