Римде иттерге арналған жағажай қайта ашылды

Италияда коронавирусқа қарсы шектеулер жеңілдетіліп, Римде иттерге арналған жағажай қайта ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ арнайы орындарға бару үшін алдымен сайтта тіркелу қажет. Шараны ұйымдастырушылар демалыс орындарында жануармен серуендеуге барлық жағдай жасалғанын айтады. Тіпті оларға алғашқы көмекті қалай көрсету де үйретіледі екен.

Айта кетейік, Италияда туристік маусым қарсаңында індетке қарсы шектеулер біртіндеп жеңілдітіле бастаған.

Сондай-ақ...