Ресейде демалыс құны күрт қымбаттады

Ресейде өткен жылмен салыстырғанда биыл демалыс құны 36 процентке қымбаттаған.

Мамандар мұның екі себебі барын айтады. Біріншісі – рубльдің әлсіреуі, екінші себеп – жабық шекаралар. Көрші мемлекетте жергілікті жұрт арасында танымал туристік бағыт – Түркия және Египетпен арадағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылған. Соның салдарынан ішкі туризмге сұраныс артқан. Сарапшылар егер шекаралар ашылмаса, тамызда жергілікті шипажайлардағы демалыс құны шарықтауы мүмкін деп топшылап отыр.