АҚШ-та дүкен сатушысын маска үшін өлтірген

Оқиға АҚШ-тың Джорджия штатында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» korrespondent.net баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүкенге маскасыз кірген ер адамға сатушы ескерту жасаған. Екеуінің арасында дау шығып, қаскөй сыртқа шығып кеткен. Алайда біраз уақыттан соң қайта келіп, сатушыға оқ атқан. Сондай-ақ көмекке келген күзетшіні де жарақаттайды.

Осы оқиға бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.