Колорадо штатында әуе апатынан бір адам мерт болды

АҚШ-тың Колорадо штатында әуе апаты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір моторлы ұшақ Денвер округіне жақын маңда құлаған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ұшақ электр сымдарға соғылған екен. Оқиға орнына өрт сөндіру техникасы мен құтқарушылар тартылды. Өрттің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Әзірге апаттың нақты не себептен болғаны белгісіз.

 

Сондай-ақ...