Италияда 14 адам мерт болған аспалы жол апатының видеосы пайда болды

Желіде Италияда 23 мамырда болған аспалы жол апатының видеосы пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24» Lenta.ru сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Стреза елді мекенін бір жарым мың метр биіктіктегі Монтероне тауымен байланыстыратын аспалы жолда болған. Фуникулёр таудың шыңына 300 метр жетпей, ең биіктен құлаған.

Төтенше жағдай салдарынан 14 адам, оның ішінде екі бала қайтыс болды. Тергеу барысында фуникулер кабинасын шұғыл тежеудің авариялық жүйесі ажыратылғаны анықталды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасуда.

Осы тақырыптағы өзге де материалдар:

Италияның солтүстігінде фуникулёр құлап, 8 адам қаза тапты

Италияда құлаған фуникулёрдің астынан тағы 4 адамның денесі табылды

Италияда фуникулёр кабинасының құлауына қатысты үш адам ұсталды