Камчаткада апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігі табылды

Камчаткада апатқа ұшыраған Ан-26 ұшағының қара жәшігі табылды.

Мамандар оны оқу үшін Мәскеуге жеткізеді. Әзірше апаттан мерт болғандардың денесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оған бірнеше техника тартылды.

Естеріңізге салайық, шілденің 6-сы күні апатқа ұшыраған «АН-26» әуе кемесінде 22 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған, арасында 2 бала бар.

Камчатка аймағының басшысы ұшақ ауа райының қолайсыздығынан алаңға екінші рет қонбақ болған кезде құлаған деп мәлімдеді. Апат техникалық ақау немесе ұшқыштың қателігінен болуы мүмкін деген де болжам бар.