Сомалиде билікке қарсы ұйымдастырылған жарылыстан 9 адам қаза тапты

Сомали астанасы Могадишода жанкешті жарылыс жасап, 9 адам ажал құшты.

Тағы бірнеше тұрғын жарақат алған. Содыр негізі қалалық полиция басшысы мінген көлікті көздеген. Бірақ лауазымды шенеунік аман қалды. Бірнеше ғимаратқа зақым келді. Шабуылды «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымы өз мойнына алған. Сарапшылардың айтуынша, аталған лаңкестік топ Сомалидің қазіргі үкіметіне қарсы. Бұл осы айда болған екінші жойқын жарылыс.

Өткен аптада шай дүкенінде бомба жарылып, 10 адам қаза тапқан болатын.