Қытайдың Хэнань провинциясында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Қытайдың Хэнань провинциясында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Су тасқынынан көз жұмғандардың саны 51-ге жетті.

Аймақтан 400 мыңнан аса адам эвакуацияланды. Толассыз жауған жауын мен тасқыннан Чжэнчжоу қаласы көшелерін су басқан. Тұрғындар қайық және жасанды көпірлер арқылы шығарылуда. Еске сала кетейік, өткен аптаның соңында Қытайдың орталық бөлігіндегі Хэнань провинциясында жаңбыр шелектеп құйып, көп елді мекенді су басты. Апат аймағында 3 миллионнан аса адам қалып отыр. 200 мың гектар егістік алқабы су астында қалған.

Сондай-ақ...