Украинада тұрғын үйге ұшақ құлады: құрбан болғандар бар

Украинаның Ивано-Франковск облысында жеке тұрғын үйге жеңілмоторлы спорттық ұшақ құлап, төрт адам қаза тапты.

«Коломыйский ауданы Шепаровцы ауылының маңында жеңілмоторлы спорттық ұшақ жеке тұрғын үйге құлады, артынан жанып кетті, салдарынан төрт адам қаза болды», - делінген хабарламада.

Мәліметтер бойынша құтқарушылар өртті ауыздықтады.