425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркияда орман өртінен курорттық қаланың тұрғындары эвакуацияланды

  • 263
  • UPD: 08:06, 29.07.2021
Түркияда орман өртінен курорттық қаланың тұрғындары эвакуацияланды фото: РБК

Түркияның Анталия провинциясында орман өртеніп, қызыл жалын Манавгат курорттық қаласына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бастапқыда төрт жерде тұтанған жалын желден тез тарап, шаһардың тұрғын аудандарына жеткен. Қауіпті мекендерден тұрғындар шұғыл эвакуацияланды. Қала мэрінің айтуынша, көптеген үй мен ғимарат жанып кеткен. Табиғат апатынан 50-дей адам жапа шеккен. Бірақ қаза тапқандар туралы ақпар жоқ. Тілсіз жаумен 400-ден астам өрт сөндіруші күресіп, тікұшақ пен ұшақтар қолданылып жатыр. Өрт аптап ыстықтан шыққан болуы мүмкін деген болжам бар. Себебі аймақта сынап бағанасы 40 градусқа дейін көтерілген. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы