Хабаровск маңында Су-35С ұшағы апатқа ұшырады

Оқу-жаттығу кезінде Су-35С ұшағы қозғалтқыштың істен шығуы салдарынан Охотск теңізіне құлады, деп хабарлайды Хабар 24 ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Шығыс әскери округінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2021 жылдың 31 шілдесінде Хабаровск аймағында жоспарланған оқу-жаттығу рейстерін орындау кезінде Су-35С ұшағында қозғалтқыш істен шықты. Іздеу тобы әскери ұшқышты жедел тауып, орналасу аэродромына жеткізді. Ұшқыштың денсаулығына қауіп жоқ», – делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі ұшақтың Охотск теңізінің су айдынына құлағанын айтты.

«Оқиғаны тергеуді Шығыс әскери округінің комиссиясы жүргізіп жатыр», – деп атап өтті Шығыс әскери округінің баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, бір апта бұрын Хабаровск маңында жеңіл маторлы ұшақ апатқа ұшыраған болатын.