425,85 504.32 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Джефф Безос әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды

  • 147
  • UPD: 10:53, 02.08.2021
Джефф Безос әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды

Forbes тізімі жаңарды.

Джефф Безос әлемдегі ең бай адам мәртебесінен айырылды. Жұма күнгі саудада оның дәулеті 14 миллиард АҚШ долларына азайды. Себебі Амазон компаниясының акциялары 7 жарым процентке арзандап кетті. Сарапшылардың айтуынша, акциялардың құлдырауына Амазонның екінші тоқсанға жасаған қорытынды есебі себеп болды. Соңғы үші жылда алғаш рет технологиялық алпауыттың табысы төмен болған. Нәтижесінде Джефф Безостың байлығы 192,4 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал Форбс тізімнің көш басына Louis Vuitton, Moët Hennessy компанияларының иесі Бернар Арно шықты. Мәліметтерге қарағанда, дәл қазір оның байлығы 192,9 миллиард АҚШ долларына тең. Джефф Безостан 500 миллион долларға көп. Байлардың үштігін Спэйс Икс компаниясының негізін қалаған Илон Маск түйіндейді. Оның байлығы 179,4 миллиард доллар.

Айта кету керек, Бернар Арно мамыр айында да Безосты басып озып көш басына шыққан еді. Бірақ ол кезде екі аптадан кейін Амазонның бұрынғы басшысы бірінші орынға қайта жайғасқан.

Хабар 24 телеарнасы