Қытайдың Хубэй провинциясында тасқыннан 21 адам ажал құшты

Қытайдың Хубэй провинциясында алапат тасқын салдарынан 21 адам ажал құшты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғи апаттан әсіресе, Люлинь қаласының тұрғындары қатты зардап шегуде. Бұл аймақта да су тасқынына ақ жауын себеп болған. Жағдай ушыққан соң үкімет 5 қалада қауіп-қатердің «қызыл деңгейін» жариялады. Қазіргі сәтке дейін зардап шеккен аумақтан 6 мыңдай адам көшірілген. Аймақта электр жарығы мен ауыз су құбыры істен шыққан.