Ресейдің Самара облысында орман өрті өршіп тұр

Ресейдің Самара облысында орман өрті дес бермей тұр. Қызыл жалын 25 мың тұрғыны бар Борское ауылынан 500 метр жерде ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатынан 3 адам зардап шеккен. Мамандар ұлттық саябақтың 100 га жасыл желегін тып типыл еткенін хабарлайды. Тілсіз жау Немчанка мен Коноваловка елді мекеніне де жетіп 18 ғимаратты күлге айналдырған. Қазір қауіпті деп танылған аймақтарда теміржол қозғалысы тежелді.