Кабулда жойқын жарылыс болды

Жарылыс Хамид Карзай халықаралық әуежайының қақпасында болды. Ақпаратты Пентагон растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, оннан астам адам жараланған, болжам бойынша олар – Ауғанстан азаматтары. Жарылысты жанкешті жасаған. Әуежайға кіре берісте адамдар көп болған, жүздеген адам ғимаратқа кіруге тырысқан.

Бұған дейін «Талибан» Кабул әуежайындағы террористік қауіп туралы НАТО-ға ескерткен.

* Еске сала кетсек, «Талибан» ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.