Перуде қайық пен кеменің соқтығысуынан 12 адам қаза тапты

Перудегі Хуальяга өзенінде жолаушылар мінген қайық пен кеме сүйрететін баржа соғысып, 12 адам қаза тапты. Тағы 9 кісі із-түзсіз жоғалып кетті. 

Санта Мария ауылынан шыққан жолаушылар отырған қайық жүк кемесін тартып келе жатқан баржаны барып соққан. Оқиға кезінде қайықта 60 ересек және 20 бала отырған. Әзірге апат себебі белгісіз. Қайықтағы қалған жолаушылар туралы да нақты ақпарат жоқ. Оқиға орынында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.