Әлемдегі ең қымбат қала аталды

Бұрын бұл орында Гонконг тұратын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ былтыр ол үшінші орынға төмендеді. Қазір бірінші орында Шанхай тұр. Одан кейін тізімде Токио орналасқан. Сөйтіп әлемдегі ең қымбат өңір Азия болып шықты. Бұл әрине қарапайым халыққа жақпағанмен, елдің экономикалық әлеуетін көрсететін жағдай. Мамандар мұны аймақтың экономикасы пандемиядан кейін тез қалпына келген деп түсіндіреді. Шанхайда былтыр әуе билеттері 82 процентке, қонақ үйдегі бөлмелердің құны 15 процентке көтерілді. Ең қымбат шаһарлардың ондығына сондай-ақ Монако, Тайбэй, Цюрих, Париж, Лондон, Сингапур мен Нью-Йорк енген.  

Сондай-ақ...