Zydus Cadila екпесінің Дельта штамына қарсы тиімділігін мәлімдеді

Үндістанның Zydus Cadila компаниясының вакцинасы коронавирустың Дельта штамына қарсы қорғанышы 67 процентті құрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ жұқпалы дерттің өзге түрлеріне қарсы тиімділігі әлі белгісіз. Себебі препарат Қытайдың Ухань қаласында пайда болған COVID-19-ға емес, Дельта штамға қарсы сыналған. Бұл туралы осы бірлестіктің басқарушы директоры Шарвил Патель мәлімдеді.

Айта кетейік, бұл үндістандық екпе - ДНҚ негізінде жасалған әлемдегі алғашқы вакцина. Бұған дейін жергілікті билік оны 12 жастан асқан балалар мен ересектерге шұғыл жағдайда салуға рұқсат еткен. Екпе инесіз арнайы құрылғымен терінің сыртқы қабатына егіледі. Вакциналау 3 мәрте жүргізіледі. Компания қазан айынан бастап ай сайын 10 миллион доза вакцина шығаруды көздеп отыр.

Сондай-ақ...