Ресейдің Липецк облысында жарылыстан екі адам көз жұмды

Ресейдің Липецк облысында екі қабатты үйде жарылыс болып, салдарынан 2 адам көз жұмды.

Біреуі 11 жастағы бала. Тағы 7 адам жарақат алған. Арасында кәмелетке толмаған бір азамат бар. Оқыс оқиға болған үйде 16 пәтер бар екен. Екі кіреберістің бірі опырылып құлаған.

Алдын ала мәлімет бойынша жарылысқа газдың жылыстауы не газды пайдаланудағы салғырттық себеп болуы мүмкін.

Айта кеткен жөн, бұл осы аптада көрші елде болған бесінші жарылыс. Солардың ең ірісі Мәскеу облысында Ногинск қаласында тіркелген. Салдарынан 7 адам көз жұмды. Оқиғадан кейін қала күнін атап өту шаралары өтпейтін болып, аза тұту жарияланды.