Бүгін Disney World 50 жылдық мерейтойын атап өтуде

Бүгін Walt Disney World Resort ойын-сауық орталығы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде.

The Walt Disney World деп аталатын саябақ алғаш рет 1971 жылдық 1-қазанында іске қосылған еді.  Өкінішке қарай, оның негізін қалаушы Уолт Дисней парктің ашылуына 4 жыл қалғанда көз жұмды. Компания билігін 1971 жылға дейін бауыры Рой жалғастырды.

Айта кетейік, Дисней әлемі өзінің 50-жылдық мерейтойын 18 ай бойы тойламақ. Компания өкілдерінің айтуынша, осы уақыт аралығында жаңа аттракциондар ашылып, қонақтар жаңа кейіпкерлермен таныс бола алады.