Грузияда экс-президент М.Саакашвили ұсталды

Грузияда елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвили ұсталды.

Бұл туралы мемлекеттің премьер-министрі Ираклий Гарибашвили мәлімдеді.

Еске салайық, бүгін Саакашвили «Фейсбуктағы» парақшасында елге келгенін айтып, бейнежазба жариялаған. Болжам бойынша бұл түсірілім Батумиде жасалуы мүмкін. Бұған дейін ресми Тбилиси экс-президент елге келген бетте қамауға алынады деп бірнеше рет хабарлаған. Грузияның үшінші президентіне бірнеше бап бойынша айып тағылған. Солардың бірі – бойынша ол лауазымын асыра пайдаланған.